Алматыда қарақшылар тобы қолға түсті

Azattyq Rýhy

Қылмыстық топ мүшелері бұрын сотталған болып шықты

Алматыда қарақшылар тобы қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық топтың 27 жастағы екі мүшесі де бұрын сотталған Түркістан облысының тумалары болып шықты.

«Соталды тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, күдіктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Үндістан азаматын тонап, лото клубқа қарақшылық шабуыл жасаған. Екі жағдайда да олар травматикалық тапанша пайдаланған. Шетел азаматының ұялы телефонымен біраз сомадағы ақшасын тартып алса, лото клуб кассасынан екі млн теңге көлемінде қаржыны қолды еткен. Қарақшылық шабуыл кезінде аталған мекеменің күзетшісі жараланған», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов

Криминалдық полиция басқармасы хабарлағандай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілерді Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсірген.

Кейінірек белгілі болғандай, күдіктілер бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында орналасқан лото клубқа да шабуыл жасаған. Қазіргі таңда ұсталған екеудің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.