29.12.2021, 13:29
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда жан түршігерлік жол апаты: бір адам қаза тапты
Жол апаты бүгін, 29 желтоқсан күні таңертең болды
Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып, қала маңына жолаушы тасымалдайтын автобусқа соғылды. Апат салдарынан жеңіл көліктің рулінде отырған 36 жастағы келіншек қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиғаға қатысты толық ақпарат әлі шыққан жоқ.
Куәгерлер жол апаты қала сыртындағы ауданда болғанын айтты. Қала маңына жолаушы тасымалдайтын автобустағы азаматтар зардап шекпеген.

Куәгерлер жол қатты тайғанақ болғанын, алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік иесі рульге ие бола алмай, автобусқа соғылғанын айтады.
Өзге қаза тапқандар мен зардар шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды