Павлодарда жатақханада шыққан өрттен зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр
Өрт 27 желтоқсанда түнгі сағат 1.00 шамасында болды

Павлодар облысында жатақханада өрттен зардап шеккен екінші адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
«Ленин ауылында тұратын 1968 жылы туған ер адам өрт салдарынан көміртегі тотығының уытты әсері диагнозымен жедел терапия бөліміне түсті. КВИ мәртебесі анықталғанға дейін сүзгі палатасында орналасқан. Жағдайы орташа ауыр, қажетті медициналық көмек алуда», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 27 желтоқсанында түнгі сағат 1.00 шамасында Ертіс ауданы Ленин ауылының «Солтанбет» ШҚ жатақхана ғимаратындағы өрт салдарынан 1970 жылы туған ер адам ысты газдан уланып, медицина қызметкерлері келгенге дейін қайтыс болды.