Павлодарда жүрек жұтқан әйел жастардың түнгі төбелесін тоқтатты

Azattyq Rýhy

Аталмыш факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде 

 

Әлеуметтік желіде түн ішінде бірнеше адамның  жанжалдасып қалғаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Бейнекадрлардан белгісіз адамдар көлікке отырып кеткеннен кейін бірнеше жігіт келіп төбелесіп жатқанын көруге болады. Олардың көбі бір-екі адамға жабылып, жұдырықтай бастаған. Сол арада қолында пакет ұстаған әйел келіп, араша түскен. 

Бұл жағдайға қатысты облыстық  полиция департаментінде төбелестің 2021 жылы 22 желтоқсан күні болғанын растады.

«Аталмыш факт полицияда тіркелген. Павлодар қаласында Н.Назарбаев даңғылы, 204-ші үйдің ауласында орын алды. Жеке тұлғалар анықталды. Тексеру жүргізілуде», - дейді департаментте.

Әйел адамның батылдығына тәнті болған желі қолданушылары «Жарайсың!. Ана, әйел деген осындай болады!», «Жүрек жұтқан екен! Өз өмірін қатерге тігіп, төбелесті тоқтатқан. Қазіргі жастардан не күтеріңді білмейің», «Осындай  жағдайға бейжай қарамайтын адамдар көп болса екен!», деп пікір қалдырған. 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.