Шымкентте 5-қабаттан құлаған жасөспірім қыз қайтыс болды
16 жасар қыз түрлі дене жарақатымен, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген
Шымкент қаласында 20 желтоқсан күні түнгі 23:00 шамасында Асар-2 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан жасөспірімнің секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
16 жасар қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, 21 желтоқсан отбасына оның қайтыс болғаны туралы деген қаралы хабар жетті.
20 желтоқсан күні түнгі 23:00 шамасында Асар-2 шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 5-қабаттан жасөспірімнің құлап кеткені хабарланған еді. 16 жасар қыз түрлі дене жарақатымен, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Жасөспірімнің көршілері «мұндай жағдайға не түрткі болғанын білмейміз, себебі үлгілі отбасылардың бірі еді» дейді.
Медицина мамандарының көмегіне қарамастан, 16 жасар қыз 21 желтоқсанда күндіз қайтыс болған. Дәрігерлер жасөспірімде бас-ми жарақаты, ішкі жарақаттар, ішкі қуыстардың жарақаты және ауыр дәрежедегі травматикалық шок болғанын айтады.
«20 желтоқсан күні сағат түнгі 10:50 Асар шағынауданынан көпқабатты үйлердің бірінен жедел-жәрдем қызметіне қоңырау келіп түскен. Қоңырауда 2005 жылғы жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлап кеткені айтылған. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері ауыр халде жасөспірімді Асардағы қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізді. Бірақ медициналық көмекке қарамастан жасөспірім бүгін сағат 11:15-те қайтыс болды», - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.
Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиғаның қандай себеппен болғаны анықталып жатыр. Ал кейбір бейресми мәліметтерге сүйенсек, қыздың мұндай қадамға баруына отбасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін екен.