Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаментінің бақылауына алынды
Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейнге батып кетіп, тұншығып қайтыс болды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігімен (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) тіркелді», - делінген хабарламада.
Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.