$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2021, 03:23
Оқиғалар

Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен анасы мен баласы мерт болды

Қазір оқиғаның анық-қанығы тексерілуде

Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен анасы мен баласы мерт болды
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында мұз ойылып кетіп екі адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға 9 желтоқсан күні сағат 20:50 шамасында Қостанай облысының Денисовка ауылында болған. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрынғы "Волна" туристік базасы жанындағы өзен үстімен үш адам мінген Renault Duster көлігі кетіп бара жатқанда, мұз жарылып кеткен.

Көлікте 65 жастағы әйел мен 62 және 44 жастағы екі ер адам болған.

«Ойылған жерге түсіп кеткен көліктен 62 жастағы еркек шығып үлгерген. Ал онымен бірге болған 44 жастағы жігіт пен оның анасы мұз астында қалып қойған. Аман қалған кісі туристік базаның күзетшісіне келіп оқиғаны баяндаған, - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір балық аулауға шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғаның анық-қанығы тексерілу үстінде.

 

Серіктес жаңалықтары