Көкшетауда саяжайда шыққан өрттен бір адам қаза тапты
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Көкшетауда саяжай үйі өртеніп, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ресми ақпарат бойынша, тілсіз жау таңғы сағат 10-нан асқан уақытта тұтанған. Өртенген баспанада 2 ер адам болған. 39 жастағы ер адам сыртқа шығып үлгерсе, 1974 жылы туған азамат өрт құрсауында қалып қойған. Аман қалған ер адам дереу ауруханаға жеткізілді. Ал екінші адамның мәйітін құтқарушылар өрт сөндіру кезінде тапқан. Куәгерлердің сөзінше, олар үйде ішімдік ішіп отырған және пеш жанып тұрған.
«Өрт сараптамасы тағайындалды. Қызыл жалынның нақты неден тұтанғаны соның нәтижесі шыққан соң белгілі болады. Тілсіз жауды сөндіру барысында бір газ баллон жарылды. Абырой болғанда, құтқарушылар зардап шеккен жоқ. Ал оған дейін тағы бір газ баллон шығарылған болатын. Өртті сөндіруге 3 техника мен 15 қызметкер жұмылдырылды», - дейді Көкшетау қалалық ТЖБ бастығы Әсет Жақсылықов.