12.12.2021, 17:23
Оқиғалар
Павлодарда жол үстінде отырған ер адамды көлік қағып кетті
58 жастағы азамат сол жерде қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда жол үстінде отырған ер адамды көлік қағып, азамат оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Жол апаты Жібек жолы көшесіндегі қалалық қоқыс үйіндісінің маңында орын алған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Ер адам жолда отырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - делінген департамент хабарламасында.
Департаменттің хабарлауынша, көлік арнайы айып тұрағына қойылған. Тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті