12.12.2021, 14:41
Оқиғалар
Еш жерде тіркелмеген көліктің қатысуымен болған жол апаты 2 адамның өмірін жалмады
Апат «Атырау-Доссор» бағытындағы жолдың бойында орын алды
inform.kz
Атырауда жол-көлік апатынан екі адам мерт болды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімдемеге сүйенсек, жол-көлік апаты кеше, 11 желтоқсанда болған.
«Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданының тұсында, «Атырау-Доссор» бағытындағы жолдың бойында ресейлік нөмірі бар «ВАЗ – 2115» автокөлігі «DAF» жүк көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан жеңіл көліктегі 2 жолаушы көз жұмды. Жеңіл көліктің Ресей Федерациясында да, Қазақстан Республикасында да тіркеуге қойылмағаны анықталды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
