Қарағанды балабақшаларының бірінен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіру үшін 51 қызметкер мен 13 техника жұмылдырлды

Қарағандыдағы «Алуа» балабақшасында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облыстық ТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13-ші шағынауданда орналасқан «Алуа» балабақшасында болған төтенше жағдай туралы хабар бүгін кешке келіп түскен.

«Сағат 19:46-да балабақша шатырының ағаш қаңқасы өртеніп, өрт аумағы 60 шаршы метр аумақты қамтыды. Қызыл жалын сағат 20:48-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен адам шығын жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру үшін 51 қызметкер мен 13 техника жұмылдырлды.