Қаскелеңде тұрғын үйде болған жарылыстан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ ауа қоспасы жарылып, 11 жастағы баланың қаза тапқанын хабарлады

Фотолар: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

«8 қаңтар күні сағат 13:15-те Қаскелең қаласының Төле би көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 5 қабатында газ ауа қоспасы жарылып, жапсарлас тұрған бірнеше пәтерге нұқсан келген. Бірақ ары қарай өрт болмады. Оқиға орнында 2009 жылы туған бала қайтыс болды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Жарылыстан зардап шеккен 7 адам ауруханаға жеткізілген, оның 3-еуі балалар. Олар әртүрлі деңгейде жарақат алған.

«Өрт сөндіру қызметі жарылыс болған үйдің тұрғындарын эвакуациялады. Оларға Қаскелең қаласы әкімдігі уақытша тұратын орын әзірледі. Жарылыстың себебі анықталып жатыр», - деп толықтырды ТЖК баспасөз қызметі.