Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Степногорск қаласында ер адамды өлтіру қылмысын полицейлер «ізін суытпай» ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицейлер көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, олардың бірінен қылмыс болған күні марқұмның подъезінен киімі мен қолдары қан болған белгісіз ер адамның шыққанын анықтады.
Қылмыс туралы 6 желтоқсанда таңғы 9:00-де белгілі болды. Степногорск қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен көптеген дене жарақаты бар ер адамның жансыз денесі табылды.
Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады, ол 1964 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.
Полицейлер көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, олардың бірінен қылмыс болған күні марқұмның подъезінен киімі мен қолы қан болған белгісіз ер адамның шыққанын анықтады.
«Сол күні, 6 желтоқсанда полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Қарағанды облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінде.
Ұсталған адам марқұммен ішімдік ішу кезінде жанжалдасып, соның барысында оны өлтіріп алғанын мойындады.
Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі, «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті қамауға алынды.