$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде депутаттың баласы Toyota Land Cruiser көлігімен оқушыны қағып өлтірген

Халық қалаулысы ұлын ақтамайтынын айтты

Ақтөбеде депутаттың баласы Toyota Land Cruiser көлігімен оқушыны қағып өлтірген

Ақтөбеде оқушыны көлікпен қағып кеткен жүргізуші облыстық мәслихат депутатының ұлы болып шықты. Халық қалаулысы ұлын ақтамайтынын және ол заң бойынша жазаға тартылатынын айтты. Қазір жүргізуші тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Диапазон» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жазылғандай және туыстарының айтуынша, оқушыны қағып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісінің әкесі теміржолда басшылық қызметте жұмыс істейді. Кейінірек оның облыстық мәслихаттың депутаты Бөріхан Беркімбаев екені анықталды. Ол өз кезегінде 32 жастағы ұлының қателігін ақтамайтынын және заң бойынша жазаланытынын мәлімдеді.

«Әрине, бұл қорқынышты трагедия, отбасы үшін орны толмас қайғы. Иә, көлікті тізгіндеген менің ұлым. Оқиғадан кейінгі күні мен қайтыс болған оқушының отбасының үйіне барып көңіл айтып, жерлеу рәсіміне қатыстым. Мен ұлымды ақтауға еш тырыспадым. Ол кінәлі және заң бойынша жауап береді. Қазір ол тергеу изоляторында. Мен ұлымды ақтамаймын, бірақ оқиғаның қалай болғанын айтқым келеді, өйткені әлеуметтік желілерде артық нәрселер көп жазылған. Ұлым ол күні жаттығуға бара жатты, ішімдік ішпеген, есірткі қабылдаған жоқ, мұның бәрін сараптама да дәлелдей алады. Интернетте жазылғандай, көліктермен жарыс та болған жоқ. Менің ұлым салмақты азамат, тұрақты жұмысы, үш баласы бар, қайдағы жарыс? Көлік ескі, біз оны жаңа күйінде сатып алған жоқпыз. Апаттан кейін ұлым ешқайда қашып кетпеді, ол бірден жедел-жәрдем шақырды. Ол өзінің кінәсін 100 пайызға мойындады және заң бойынша жазаланады. Мен марқұмның отбасын түсінемін, ешкім қайғының орынын толтыра алмайды. Жағдайдың бұлай болуын ешкім қалаған жоқ. Менің депутаттығым тергеуге еш әсерін тигізбейді, керісінше оның жағдайын күрделендіруі мүмкін. Ешкімге мұндайды тілемеймін», - деді Бөріхан Беркімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда Ақтөбеде Пацаев көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінде «Land Cruiser Prado» автокөлігі 15 жастағы оқушыны қағып кетіп, нәтижесінде жасөспірім алған жарақаттарынан көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары