Әуежай маңында жолаушылар автобусы өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласында №12 бағыттағы жолаушылар автобусы өртенді, зардап шеккендер жоқ

фото: facebook

Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұл жағдайға байланысты «Астана LRT» өкілі жауап беріп, зардап шеккендер жоқ екенін айтты.

«Бүгін таңертең сағат 9-да елордадағы халықаралық әуежайдың алдында 12-бағыттағы жолаушылар автобусы өртенді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп жазды «Астана LRT» қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева.

Тегтер: