12-ші қабаттан секірген жасөспірім қыз қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде жасөспірім қыз он екінші қабаттан секіріп, қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Полицейлер жас қыздың өлі денесін үйдің кіреберіс шатырынан тапқан.

Куәгерлердің айтуынша, ешқандай айғай не шыңғырған дауыс шықпаған. Тек бір нәрсенің гүрс етіп құлағанын ғана естіген.

«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады департаменттен.

Қайғылы оқиға шамамен 16:00 кезінде болған.