$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2021, 14:23
Оқиғалар

Әйелінен кешірім сұрау үшін гүл шоғын ұрлаған азамат ұсталды

Оқиға Алматы облысының Үштөбе қаласында орын алған

Әйелінен кешірім сұрау үшін гүл шоғын ұрлаған азамат ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелінен кешірім сұрау үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент келтірген мәліметке сүйенсек, 25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түсті. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтқан. Әйел ұрыны есте сақтап қалған. Шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жарынан кешірім сұрау үшін осындай қадамға барғанын мойындады.

"Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



 

Серіктес жаңалықтары