Ер адам оқиға орнында жан тапсырды
Алматы қаласында жолаушылар автобусы қайыр сұрап жүрген ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.
Қайғылы жағдай Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында орын алған. 33-бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ер адам жол үстіне күтпеген жерден атып шыққан. Соның салдарынан жүргізуші тежегішті басып үлгермей, ер адамды басып кеткен.
Марқұмның денесін құтқару қызметінің мамандары автобустың артқы доңғалағының астынан шығарды.
Зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оның қалтасында ешқандай құжат болмаған.
Куәгерлер марқұмның қайыр сұрап күн көргенін және бұл қиылысқа күнде келіп жүргенін айтты.
Полицейлер марқұмның аты-жөнін, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.