$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.11.2021, 04:23
Оқиғалар

Таразда жеңіл жүрісті келіншек нәрестесін бөтен отбасына бере салған

Тірі тауарға айналған бүлдіршін қазір үш жаста

Тараз тұрғыны бауыр еті – баласын бөтен отбасына бере салған. 22 жастағы келіншек шақалақты босана сала, құрбысының танысына еш ойланбастан өткізіп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. Тірі тауарға айналған бүлдіршін қазір үш жаста.

Бұл құпия үш жылдан кейін кездейсоқ анықталған. 22 жастағы келіншек жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен тіркеуге алынады. Полицейлер оның құжатын тексере келе сәбиі болғанын және оны бөтен отбасына бергенін әшкерлеген. Ал өзі оны бағып-қағуға «шамам боламады» деп түсіндірген. Сөйтіп некесіз перзентін сәби сүюге зар болған ерлі-зайыптыға өткізіпті. Асырап алушы отбасының отағасы «қыздың әкесі – өзім» деп тіпті оған туу туралы куәлігін жасатып алған екен.

Расымен солай ма, ол жағын енді тәртіп сақшылары сараптама арқылы анықтағалы жатыр. Қазір істің мән-жайы мұқият тексерілуде. Бүлдіршіннің тірі тауарға айналғаны расталса, қос тарап та жазасыз қалмайды. Ал үш жастағы қыз әзірге өгей ата-анасының үйінде.

«Рейд жүргізген кезде 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны үшінші тұлғаға, басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 135-бабы, 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.

Серіктес жаңалықтары