Маңғыстауда шекарашылар 158 кг бекіре балығын жасырған үш азаматты ұстады
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шаралары барысында Форт-Шевченко елдімекеніндегі жеке үйлердің бірінде жалпы салмағы 158 кг болатын 42 дана бекіре тұқымдас балығын жасырған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4,5-тармақтары «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.