Жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілген
Ақтөбе облысы арқылы өтетін «Шымкент – Самара» тас жолының 932-шақырымында Белқопа кентінің маңында жол көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 25 қарашада сағат 11:30-да болған. Honda жеңіл автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан көліктен озамын деп, DAF маркалы фураға соқтығысқан.
Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы көз жұмып, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Полицейлер болса ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден жолда барынша сақ болуы сұрайды.