Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 140-тан астам жол апаты болды

Azattyq Rýhy

Соңғы 5 сағатта 45 жол-көлік оқиғасы болды

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 140-тан астам жол апаты болды

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте 142 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен тәуліктің ішінде елорда аумағында 142 жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 адам зардап шекті. Ал таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап қазіргі уақытқа дейін 45 жол-көлік оқиғасы болды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Департамент жүргізушілер көлігін жол шетіне қалдырмау керектігін айрықша атап өтті.

«Қар толассыз жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режимен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қаңтармауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық пен және қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз», - деп жазады департамент.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.