$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2021, 12:47
Оқиғалар

Алматы облысында үшем дүниеге келді

Үшемнің анасына жүктіліктің 31-аптасында кесір тілігін жасалды

Алматы облысында үшем дүниеге келді

Шақалақтар облыстық перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан. Оларға Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиля есімдерін қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үшемнің анасы – 26 жастағы Ардагүл Асқарбек Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны. Ардагүлдің бұл үшінші құрсағы. Бір сәтте көп балалы ана атанған Бекетовтердің отбасында бұған дейін ұл мен қыз болған. Кесір тілігі арқылы босанған үшемнің анасы 25 қазаннан бастап  облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің бақылауында болды.

«Қазір ана мен балалардың денсаулықтары жақсы. Жүктіліктің 31-аптасында кесір тілігін жасау арқылы үш қыз 25 қазан күні  (1900,0 гр. Бойы 41см, 1800,0 гр, бойы 44см, 1700,0 гр, бойы 45см) дүниеге келді. Бұл жағдайды Денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды», - деді облыстық перинаталды орталықтың директоры Қанат Жұмашев.

Серіктес жаңалықтары