Түркістан облысында арықтан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 16 қараша болған. Сайрам аудандық полиция бөліміне тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Полиция дереу оқиға орнына жетті. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты», - делінген хабарламада.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.