$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2021, 10:27
Оқиғалар

Еуропаға бет алған 75 мигрант Жерорта теңізіне батып кетті

Биыл Орталық Жерорта теңізінде барлығы 1300-ден астам адам суға батып кеткен

 
Еуропаға бет алған 75 мигрант Жерорта теңізіне батып кетті
Көрнекі сурет: iz.ru

Жерорта теңізінің Ливия жағалауына қарасты аумағында 75-тен астам мигрант суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ливиядағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Twitter-парақшасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ондаған мигрант Еуропаға қайықпен бармақ болған. Балықшылар 15 босқынды құтқарып қала алды, олар Ливияның Зувара қаласына жеткізілді.

ХБҰ мәліметтері бойынша биыл Орталық Жерорта теңізінде барлығы 1300-ден астам адам қайтыс болған.

Айта кетсек, 2011 жылы Ливия басшысы Муаммар Каддафи биліктен тайып, өлтірілгеннен кейін Ливия іс жүзінде біртұтас мемлекет болуын тоқтатқан. Сондай-ақ бұл ел Еуропаға кеткісі келетін заңсыз мигранттардың транзиттік нүктесіне айналған.
 

Серіктес жаңалықтары