Мереке күндері жол-көлік оқиғасы жиілеген

Автор: Azattyq Rýhy

Павлодар облысында бір аптаның ішінде 39 адам апатқа ұшыраған

Фото: ашық дереккөзден

Осы мереке күндері Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны едәуір артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бір аптаның ішінде бірден 39 адам, оның ішінде төрт бала апатқа ұшырады. Зардап шеккендердің сегізі ауруханаларға жеткізілді, 22 адам жедел жәрдем бөлімшелерінде көмек алды, тоғыз адам ауруханаға жатудан бас тартты», – делінген облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар күніне орташа есеппен 600 қоңырау түсетін өңірлік 103 қызметіне демалыс күндері күніне 900 қоңырау келіп түскен.