06.01.2020, 01:24
Оқиғалар
Жамбыл облысында газ құю станциясы өртенді
Зардап шеккендер жоқ
Фото: баспасөз қызметінен
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 км жерде орналасқан «Қазгазтрейд» ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
ТЖК хабарлауынша, өрт газды автоцистернадан моноблокқа құю барысында тұтанған. Жалын операторлық ғимарат пен оның қасындағы дүкендерді шарпыған.
«Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген. Өрт газ құрылғыларын эксплуатациялау барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - делінген комитет хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт сөндіруге 11 адам мен 3 техника жұмылдырылған.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды