Қызылорда облысында кішкентай баласымен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды

Azattyq Rýhy

Ол шаруа қожалығына атпен шығып, адасып кеткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жоғалып кеткен 40 жастағы ер азамат пен кішкентай баласы аман-есен табылды деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларына арыз 17 қарашада түскен. Туыстарының айтуынша, 1981 жылғы ер адам мен 2010 жылы туған баласы 15 қарашада «Бодыбай Нұрсұлтан» шаруа қожалығына қарай кетіп, сол күйі оралмаған.

Жоғалғандарды іздеу үшін Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, сондай-ақ ер адамның туыстары жұмылдырылған. Нәтижесінде 18 қарашада сағат 13:50-де Жалағаш ауданы Аққыр ауылынан батысқа қарай 45 шақырым жерде «Бекей» фазендасынан әкесі мен баласы атпен адасып жүрген жерінен аман-есен табылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.