Суға батып беткен баланың денесі іздестіріліп жатыр
Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетті. Олардың біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған. Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кетті. Үшеуі аман қалды. Суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.