05.01.2020, 21:38
Оқиғалар
Өскеменде жүріп келе жатқан автобус өртенді
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Өскеменде жүріп келе жатқан автобустан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең сағат 08:40 шамасында болған. Буров көшесінің бойындағы «Поликлиника» аялдамасында «Кинг Лонг» маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен.
Өрттің жалпы ауданы 1,5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
Мамандар өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болды деп болжам жасады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды