Жүргізушілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Ақтөбеде ресейлік есептегі көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып, екі бірдей көлікпен соқтығысты. Салдарынан бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл 18 қараша күні таңғы сағат 06:00 шамасында 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойында «Helios» жанармай бекетіне қарама-қарсы тұста ресейлік есептегі «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағындағы «Lada Priora» және «Opel Vectra» автокөліктерімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан «Daewoo Nexia» автокөлігі оқиға орнында өртеніп кеткен.
«Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және «Lada Priora» автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - делінген облыстық ПД хабарламасында.