Апатқа жолдағы көктайғақ себеп болуы мүмкін
Қарағанды мен Нұр-Сұлтан арасындағы тас жолда бес бірдей автокөліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қайтыс болды деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 14 қарашада сағат 19:20 шамасында болған. Адам шығынымен аяқталған жол көлік оқиғасына көктайғақ пен молынан жауған қар себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында түсірілген видеороликтер әлеуметтік желілерде тарауда.
«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді», - делінген аталған хабарламада.