Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Атырауда азық-түлік қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімдемеге сүйенсек, өрт кеше, 13 қарашада болған.
«Өрт туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын шаршы метрлік қоймадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те сөндірілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.