Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Жол апатынан бес бала зардап шекті
Ақмола облысында жол апатынан 2 адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі - кәмелет жасына толмаған балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балқашин ауылынан 20 шақырым жерде болған. «Hyundai Accent» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытында жүріп келе жатқан «Toyota Camry» көлігімен соқтығысқан.
«Hyundai Accent» жүргізушісі мен 1987 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, жарақат алған 8 адам ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі - кәмелет жасына толмаған балалар»,-дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.