04.01.2020, 16:42
Оқиғалар
Атырауда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: баспасөз қызметінен
Атырауда 4 қаңтар күні сағат 10:43-те «101» пультіне Датов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртеніп жатқанын анықтаған.
«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнынан 35 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Бесінші қабаттағы пәтерден 1981 жылғы ер адам автобаспалдақ көмегімен құтқарылды», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды