11.11.2021, 11:28
Оқиғалар
Оралда ер адам сүйіктісін қызғаныштан пышақтап өлтірді
Оқиға 5 қараша күні болды
Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен оралдық тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 5 қараша күні қаланың шағын аудандарының бірінде болды. Жалдамалы пәтерде көптеген пышақ жарақаты салынған 40 жастағы әйелдің денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуінің кездесіп жүргені, пәтер жалдап, бірге ішімдік ішкені анықталды. Ер адам мас күйінде сүйіктісін қызғаныштан өлтірген. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды