Көлік үш жылқыға соқтығысқан
Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыларға соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 19.50 шамасында Ақсай-Бөрлі жолының 10-шақырымында болған. 1958 жылғы ер адам айдаған Митсубиси автокөлігі үш жылқыға соқтығысқан. Соның салдарынан 1957 жылғы екі және 1960 жылғы әйел адамдар түрлі жарақат алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ауруханаға жарақат алғандар басқа көлікпен өздері келген. Бұғанасы сынған 1957 және 1960 жылғы әйел амбулаторлық ем алуға жіберілді. Кеуде тұсына зақым келген 1957 жылғы тағы бір әйел дәрігердің бақылауына қалдырылды.