04.01.2020, 14:59
Оқиғалар
Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам қаза тапты
Оқиға орнына өртке қарсы қызмет шақырылмаған
Фото: ашық дереккөзден
Ақмола облысының Бұланды ауданында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт 3 қаңтарда жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт екі шаршы метр жерді шарпыған.
«Үй ішінен 65 жастағы үй иесі мен 56 жастағы әйелдің денесі табылды. Учаскелік полиция қызметкерінің айтуынша, екеуі де мас болған. Өрттің шығуына от жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы әсер еткен», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнына өртке қарсы қызмет шақырылмаған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды