Баланың қолы мен аяғы сынған
Алматыда Көк-Төбеде 13 жастағы бала батуттан құлап жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, баланы жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізген.
«Балаға дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетті, қазір баланың жағдайы бірқалыпты», дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Ал куәгерлердің айтуынша, баланың қолы мен аяғы сынған.