$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2021, 12:06
Оқиғалар

Атырауда ресейлік көліктің нөмірі үш автомобильге тіркелегені анықталды

Қазақстанда жалған тіркеу нөмірі мен құжаты бар 100-ден астам ресейлік автокөлік анықталды

Атырауда ресейлік көліктің нөмірі үш автомобильге тіркелегені анықталды
Фото: Polisia.kz

Атырауда Ресейден әкелінген көліктің нөмірі 3 көлікке тіркелегені анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараның алғашқы күнінде сағат 17:00 шамасында Ақтау-Атырау тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырғаны үшін маркасы Toyota Ipsum Ресей автокөлігін тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды. Содан автокөліктің құжаттарын тексерген кезде автокөліктің тіркеу белгісімен маркасы сәйкес келмейтіні анықталған. Яғни, аталған мемлекеттік белгі Nissan Fuga және MАЗ автокөліктеріне тіркелгені анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қоғалды», – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Сондай-ақ, облыс аумағында Қазақстанда жалған тіркеу нөмірі мен құжаты бар 100-ден астам ресейлік автокөлік анықталған. Оны сатып алған адам көлік Ресейде тіркеуде тұр деп ойлайды. Егер ол сенімхатпен немесе сақтандыру полисі негізінде сатылса, иесі көлік салығын төлеймін деп кез келген уақытта одан бас тартады. Ал қазақстандық жүргізуші жол апатына түссе, сақтандыру төлемін ала алмайды.

«Шетелдік нөмір таққанымен ешқайда тіркелмеген автокөліктерді анықтап, заңды шарасын қабылдау мақсатында жұмыстар жалғасуда», – деді Берік Амангелді.

Айта кетейік, осы жылдың 10 айында облыс көлемінде өзге мемлекеттердің тіркеуінде тұрған автокөліктерді басқарған жүргізушілер кінәсінен 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам қаза болды, ал 75 адам дене жарақатын алған.

2021 жылдың 10 айында шетелдік автокөліктермен жол жүру ережесін бұзған 4096 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталған.

Серіктес жаңалықтары