09.11.2021, 01:56
Оқиғалар
Ақтауда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты
Қазір апат салдары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде
Ақтауда жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, 2 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 8 қараша күні кешкі сағат 21:50 шамасында болған.
«Қаланың 17 және 18 ықшамаудандары арасындағы жолда Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, екеуі жол ортасында соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды», - делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.
Сонда-ақ зардап шеккен бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
Қазір апат салдары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады