$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2021, 16:30
Оқиғалар

Түркістандық зорланған қыздың анасы күдіктілерден сегіз млн теңгені не үшін алғанын айтты

Заттай дәлелдерді қыздың анасы өртеп тастаған

Түркістандық зорланған қыздың анасы күдіктілерден сегіз млн теңгені не үшін алғанын айтты

Түркістан облысында 17 жастағы қызымды 17 еркек зорлады» деген әйел адам күдіктілерден алған 8 миллион теңгені қайда жұмсағанын айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар күн сайын үйімізге келіп, кешірім сұрап, тыныштық бермеді. Қызым «Оларға кешірім жоқ» деді. Бірақ олар кешірім берсек, қызымның құжатын жасап беруге көмектесеміз деді. Оның құжаттары жоқ. Оқуымен де көмектесетіндерін айтты. Бізге 8 миллион теңге берді, ол түк те емес. Дәрігерлердің өзіне қаншама қаражат кетіп жатыр», - деді қыздың анасы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қарагөзованің мәліметінше, адам ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанда, қыздың анасы істі тоқтатуды сұраған.

«Осы жылдың 31 мамыры күні нотариуспен бекітілген арызын әкеліп, онда күдіктілерге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Мұнымен хикая аяқталмады. 10 тәулік өткеннен кейін әйел адам полиция бөліміне келіп, қызының зорланғанын мәлім етті.

Бірақ полиция қызметкерлері оның айтқандарына сенбей, қызының пәктігі бұрыннан жоқ екенін жазып беруін сұраған.

«Оның бұрыннан қыз емес екенін жазуымды сұрады. Кейіннен өздері солай жазды. Одан соң мен қызымды травматологқа сараптамаға апардым. Учаскелік полиция бізбен бірге кіріп, сөйлесіп шықты. Бірақ дәрігер қызымның қолындағы, арқасы мен аяғындағы көгерген іздерге мән бермеді. Зорлау дерегін дәлелдей алмадық. Полиция сараптама тағайындады», - деді зорланған қыздың анасы.

Ал облыстық ПД болса дәлелдің бәрін қыздың анасы өзі жойып тастаған деп отыр.

«Сот медицина сараптама қызметкерлері зорлық ісін жоққа шығарды. Сондай-ақ, жәбірленушінің анасы заттай дәлелдерді (қызының киімдерін) өз қолымен өртегенін мойындады. Осылайша сараптама қызметкерлері биологиялық және генетикалық-молекулярлы сараптама жүргізу мүмкіндігінен айырылған», - деді баспасөз хатшысы Салтана Қарагөзова.

Еске салсақ, Түркістан облысында 17 жастағы мектеп оқушысын такси жүргізушісі белгісіз бағытқа алып кетіп, үш күн бойы өзен маңындағы үйде зорлаған. Бойжеткен көлік жүргізушісі өзіне су бергенін және содан кейін есінен танып қалғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары