«Абай» шахтасындағы жарылыс салдарынан 6 адам қаза тапты
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында «Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен 2 кеншінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«7 қарашада профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылдары туған шахтаның екі қызметкері түсті. Диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия. Науқастар жансақтау бөлімінде. Клиника дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде», - делінген Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.
Зардап шеккен жұмысшылардың тізімі:
1. Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 ж.т., дрифтер.
2. Зейналов Элайдар Абезоғлы, 1985 ж.т., дрифтер.
Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:30-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл уақытта жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды. 6 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
Сондай-ақ жарылыс салдарынан көз жұмған шахтерлердің аты-жөні жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтып, Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.