«Пойызға мина орнатылды»: Ақмолада сүйіктісімен ренжісіп қалған ер адам жалған хабар берді
Жолаушылар эвакуацияланып, вагондар тексеруден өтті
Ер адам өзімен бірген тұратын әйел адаммен ренжісіп қалған соң баласы екеуі отырған пойызға жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама берген. Бұл туралы Azattyq Rýhy kstnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылғы 5 қарашада Есіл станциясына (Ақмола облысының Есіл ауданы) сағат 00.33-те Алматы-Қостанай бағытындағы #43 жолаушылар пойызы тоқтады.
Бұған дейін 102 пультіне пойызда мина қойылғаны туралы телефон қоңырауы түскен. Телефон нөмірі бірден анықталды. Жолаушылар эвакуацияланып, вагондар тексеруден өтті.
«Тексеру барысында 1999 жылы туған, Қостанайға бет алған әйелге ерекше назар аударылды. Кейіннен қалған вагондар тексерілді, күдікті заттар табылған жоқ.
Әйел адамның жауабы бойынша пойызға мина орнату туралы хабарламаны өзімен бірген тұратын 1991 жылғы азамат жасағаны анықталды.
Ол өзара сөйлеске хаттарды көрсетті. Онда ер адам 2020 жылғы ұлымен кетіп бара жатқан пойызды тоқтататынын жазған», - деп хабарлайды аталмыш портал.
Қазір пойыз қозғалысы қайта жанданды.