Павлодарда 10 жасар бала ойыншық дүкенінде ұрлық жасаған
Ата-анасына ол қымбат ойыншықтарды достарымнан алдым деп айтқан
Павлодарлық полицейлер ойыншық сататын дүкенде ұрлық жасаған 10 жасар баланы анықтады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Баламен сөйлесу барысында белгілі болғандай, ол қымбат ойыншықтармен ойнауды армандаған екен.
«3 қарашада полицияға қаладағы сауда үйлерінің бірінің басқарушысынан хабарлама келіп түсті. Ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен сандық техниканың ұрлануын анықтағанын айтты. Сондай-ақ, дүкен басшысы әр түрлі күндері, 8-15 қазан аралығында кәмелетке толмаған бала "ойын консолі", "квадрокоптер", "геймпад", "ақылды қауіпсіздік түймесі" және басқа да тауарларды ұрланғанын айтты. Жалпы шығын 183 мың теңгені құрады», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 10 жасар баланы анықтады. Ол осы техниканы ұрлағаннан кейін қораптарын лақтырып, техниканы үйіне әкеліп, ата-анасына оны достарынан ойнау үшін алғанын айтыпты. Баланың анасы бұл техниканы үйде көрген, бірақ аса мән бермеген, өйткені ол ұлының сөзіне сенген.
Полицейлермен сөйлескен кезде жасөспірім бұл сәнді ойыншықтарды көптен бері армандағанын мойындады. Ата-анасымен және баламен алдағы уақытта осындай оқиғаға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.