$ 529.7  545.96  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақша, гауһар әшекейлер мен екі кілем: маңғыстаулық жігіт қайын жұртынан қалың малын қайтаруды талап етті

Ер адам екі жыл тұрған келіншегінің үстінен полицияға арыз жазған

Ақша, гауһар әшекейлер мен екі кілем: маңғыстаулық жігіт қайын жұртынан қалың малын қайтаруды талап етті
Фотоколлаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Маңғыстауда екі жыл бірге тұрған келіншегімен ажырасқан азамат қайын жұртынан қалыңмал ретінде берген 1 615 000 теңге көлеміндегі қаражатты, гауһар тасты алтын әшекейлер мен екі кілемін қайтаруды талап етіп, полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Арызданушы ер адам жауапкер тарапынан өзіне мүліктік зиян келтіргені жөнінде сотқа дәлел келтіре алмаған.

Оның үстіне қалыңмал беру – халық дәстүрі, мұндай жағдайда сыйға берілген заттарды қайтаруды талап ету қазіргі заңнамада қарастырылмаған.

Яғни екі тарап арасында қандай да бір заңды міндеттемелер жоқ. Жоғарыда аталған жайттарға сай, бірінші инстанция соты ер адамның шағымын қанағаттандырмаған.

Алайда бұл шешім арыз берушінің ойлағанындай болмай шыққандықтан, ол аппеляцияға қайта шағымданған. Сот алқасы да арызданушы азаматтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Аталған іс бойынша үкім 1 қараша қабылданған.

Серіктес жаңалықтары