Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған долларды ұтысқа салған

Автор: Azattyq Rýhy

Оның үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған доллар өткізіп келген елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында қылмыс жасаушы бірнеше рет номиналы 50 долларды құрайтын жалған купюраларды спорттық ойындарға ұтысқа салғаны анықталды.

Сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды, олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу соты жоғарыда аталған тұлғаларға 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Агенттіктің мәліметінше, жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, бірақ мұндай банкнотты өткізу бойынша әрекетке қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.