Жыртқыш аң елдімекен көшесінде еркін кіріп, көшедегі жүргіншіге оқыстан шапқан
Ұйғыр ауданының Кетпен ауылының тұрғыны қасқарға таланды. Оқиға Жаңа жылдың алдында болған.
1 желтоқсан күні кешкі мезгілде аудандық ауруханаға жыртқыш тырнағынан жараланған адам түскен. Зардап шеккен жас жігітке жедел медициналық көмек көрсетілді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жыртқыш аң елдімекен көшесіне еркін кіріп, көшедегі жүргіншіге оқыстан шапқан. Жерлестерінің жанұшырған даусын естіген адамдар лезде жиналып, қасқырдан арашалап алыпты. Азулы жыртқыш жас жігіттің қолын тістеп, бет-жүзін тырнап үлгерген. Көмекке ұмтылған адамдар қасқырды ағаш тоқпақпен ұрып өлтіріпті.
Тұрғындар аңның өлексесін мал дәрігерлік қызметке тапсырған. Жабайы қасқырдың құтырма ауруына шалдыққаны туралы болжам бар.
Дереккөз: egemen.kz