Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Ақтауда ер адам мас күйде теңізге секіріп кеткен

Суға тұншығып қалған жігіттің өмірін дәрігерлер арашалап қалды

Ақтауда спирттік ішімдік ішімдік ішіп алған 30 жастағы қала тұрғыны Каспий теңізіне секіремін деп, суға батып кете жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

2020 жылы 1 қаңтар күні Маңғыстау облысының шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясына шақырту түскен. Белгілі болғандай, Ақтау қаласы, 4 ш/а «Тастақты соқпақ» (Скальная тропа) аумағында ер адам суға батып кете жаздаған. Оқиға орнына 4 минутта жеткен «Жедел жәрдем» бригадасы оны құтқарып қалған.

Ер адамға алдын ала «Аспирациялық синдром» диагнозы қойылған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, бригада құрамында болған дәрігер Әйгерім Сали мен фельдшер Самат Темірхановтың жедел әрекет етуінің және кәсібилігінің арқасында теңізге батуға сәл қалған азамат аман қалды.

«Жедел жәрдем» бригадасы келе салысымен алгоритм бойынша 10 минут ішінде жүрек-өкпе қызметіне реанимация жасады. Шұғыл әрекеттің арқасында беті бері қараған жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруға инемен тамшылатып дәрі енгізілді, жалпы қан талдауы, биохимия, құрсақ қуысына УЗИ жасалынды.

«Хирург-терапевт және травмотолог қарап, қажетті дәрі-дәрмегін жазып берген соң ауруханада жатып ем алудан бас тартып, өз еркімен үйіне қайтып кеткен», – делінген Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кету керек, жас жігіттің не себепті  суға секіргені әзірге белгісіз және бұл мәселенің мән-жайын ендігі жерде полиция органдары анықтамақ.