Алматыда пышақ ұстап көліктердің үстіне секіргендердің бірі қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл іске қатысты тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласында пышақ ұстаған үш адам көліктердің төбесіне шығып алып секірген. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Мәліметке сәйкес, оқиға «Ақбұлақ» шағын ауданында орын алған. Үш жас жігіт көліктің төбесіне шығып алып секірген. Оларға ескерту жасағандарға пышақ көрсеткен. Оның арты төбелеске ұласты.

 «Бұзақылардың бірін полицейлер ізін суытпай ұстады. 19 жастағы күдікті мас болды. Сонымен қатар, ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қарау барысында үш пышақ тапты. Заттай дәлелдер іс материалына тіркелді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.